Posted in

ДОСҚА КҮЛКІ, ДҰШПАНҒА ТАБА (БОЛДЫ)

Әлдебір ісімен жұрт алдында абыройдан айрылды. * Құлтуманың жамандығына, кедейлігіне, кемдігіне, жайда қабырғасы мұздай жабық боп сөйлейтін басы, ертең күйеу келгенде, досқа күлкі, дұшпанға таба болам ба деп қауіптенгені, кейінгені, күйзелгені, тарылғаны еді… Ж.Айм. * Қарақалпақ намысшыл халық, құлақтанса қарап жатпас. Жесірімізді жау әкетіп, досқа күлкі, дұшшпанға таба болып жүрмейік… З.Шүк. * Бұлай болар деп кім ойлаған? Бүйтіп досқа күлкі, дұшпанға таба боламын деген ой өңі түгіл, түсіне кіріп пе екен?! Дұшпан сонда алыстан келсе екен-ау. Қ.Жұм. * Аллам, өзің жар бола гөр. Жал-құйрығы жоқ жалғыз едім. Тілегіме жеткіз, досқа күлкі, дұшпанға таба қылма. Баба түкті шашты Әзіз пірім, өзің медет бер, – деді. Д.Досж.