Оқыстан жамырай шыққан күлкі. ~ Ақ патшаның қызы қатын болмай ма екен! – дей салған Жаппардың сөзіне үй іші ду күліпті. Қ.Шаб. ~ Мынау ұлан-ғайыр кең жазықтан ертең жиын тарағасын да айлар бойына қымыз исі аңқып, ду-ду күлкі естіліп тұрардай. Ә.Кек. ~ Ошақ басы ду-ду күлкі… Қ.Ысқ. ~ Оның даусы Шоқанға таяқ жеп бақырған түйе сияқты болып естілді. Жұрт қолдаудың орнына ду-ду күлісті. С.Мұқ.
