Posted in

ДУ ҚЫЗАРДЫ

~ Мыршай сары ду қызарды. Қалш-қалш етіп, қолында шоршыған мылтықтың найзасын Кәленнің көкірегіне
тіреп, тіреп тұра қалды. Ә.Нұрп. ~ Ғафу етерсіздер, Дидар керек еді… Ет шаптырып алайын деп… Кешкі асты да салатын уақ болды ғой.— Дариға көп көзінен қысылған түр танытты. Жүзі ду қызарып жүре берді. М.Сүн. ~ Бір-екі рет байқап қалды, бұған көзінің астынан бата алмай жасқаншақтап қарады да, ду қызарып, жанары тайқып кетті. Ә.Нұрп. ~ Пешір бүйректей беті ду қызарып, аузына қапелімде сөз түспей булығып қалды. Ә.Нұрп.