Posted in

ДҮЗ ЖАНБАЙДЫ

Әлдебір жосықсыз іске тайсалмай, ешкімнен именбей, беті шімірікпей бару туралы. * Қарашаш, кім болса ол болсын бір-ер қылығын, не бір сөзін ұнатпай қалған адамына: – Әй, хақымақсың-ау, анаңды…– деп дүңк еткізуден дүз жанбайды. Ақылды боп үйренген адамға бұдан артық соққы бола ма! Ж.Нәж. ~ Ол жырдың ең бір жақсы жеріне келгенде бұзған бұл қатын-балаға ғана қодыраңдап, қойшы мен жалшыға ғана жекіргіш, ал өз әйеліне бір ауыз тіл қата алмайтын Бисенғалиды жағадан ала түсуге де дүз жанбайтын халде еді. Х.Ес. ~ Болыстық басшыларының сөзі мынадай, ал қосшы кедейлер мен сорлының балалары көрсе: «Бай баласы, бізден аулақ кет» деуден дүз жанбас. Бекер бұрылдым, бекер бұрылдым…» деп бұрынғыдан жаман опынды. Х.Ес.