Не жағдай болса да. ~ Бұл отрядты аттандырарда Асылбек болыс төсегінде жатып —Бар малым осының жолында Дүние күйіп кетсе де әкесін таныта істеңдер! — деп кіжініп қалған еді Отряд ауылдағы бар еркекті жинап, ауылдың алдындағы дөңге айдап иірді. І.Жанс. ~ Метрейі қалқозды сүліктей сорады. Енді соны көріп отырып біз қалай қарекет жасамаймыз. Алдымен келтірші соларды тәубесіне, сосын дүние күйіп кетсе де сенің қасыңнан шықпай күні–түні жұмыс істейін. Қ.Ысқ. ~ …қолындағы қақ ортасынан ашылған қара блокнотын самарқау жауып, қалтасына сүңгітті де, апыл-ғұпыл рюмкаға қол созды: – Ішіп жіберейікші, дүние күйіп кетсе де. Оу, Бәкесі, басыңды көтер! Т.Сәу.
