Байлық, мал, дүние жинауды ғана мақсат тұтатын, тойымсыз дүниеқұмар адам. ~ Бұрынғы маркұм әйелімді бір-екі рет ертіп жүріп, дүкендерді аралатып едім, өңінде емес, түсінде көргендей әр заттың тұсына бір тоқтап: «мынаның әдемісін-ай, мынау қандай керемет!» деп айналшақтай берген соң, ертпей койдым. Негізі жарымаған адам тегінде дүние қоңыз келеді… Б.Тоғ. ~ Менің ұғымымда, осы жүрген бастықтарды сауатсыздығына да, кедейлігіне де қарамастан, қазірдің өзінде шетелдегі миллионерлерден биік қоюға болады. Себебі олардың адамгершілік принциптері әлгі дүние қоңыздардан әлдеқайда биік. Т.Әб. * Ана екі баладан қорықпаймын. Олар көптің бірі болып, алда да емес, артта да емес, көштің тап ортасында өмір сүретін жандар. Олардың дүние жинауынан қорықпаймын, дүние қоңыздығынан қорқам. С.Жүн.
