Posted in

ДҮНИЕ ҚУДЫ

Байлықтың, мал жинаудың соңына түсті. ~ Ағайынды үшеу ек бірге туған, Сізді іздеп бейшара боп дүние қуған. Жүріңіз тілімді алып, Нұрғазарын, Сіз үшін ғаріп жаным болсын құрбан. “Нұрғаз”. ~ Төлеген қатарынан артық туып, Жалғанға көз салмайды дүние қуып. Белгісіз керуен өмір өтіп барад, Жастықпен көтеріп жүр көңіл жуып. “Қыз Жібек”. ~ Үйі аузы-мұрнынан шығады. бірақ, балам қазақтың “мұрнынан есек құрты түсіп тұр” деген сөзін ұқпайды. Қызғанбаймын, дүние-мүлікті жинасын. Қайғырамын, сол дүние, қайырлы болар ма? Мен дүние қуғам жоқ едім, бірақ қызықтадым. С.Жүн.