Не болса да; ештеңеге қарамай; кез-келген жағдайда. ~ Қораны малға толтырса, қос-қостан қатын алса болғаны. Басқа дүние өртеніп жатса да бәрі бір. Ә.Нұрп. ~ Өз басы аман болса, дүние өртеніп жатса да ісі болмайтын керенау, тоғышарлардан Қилыбаевтің өлігі артық, — деген ой келді Дәнешке. Қ.Жұм. ~ «Өзі бастамақ па еді. Е, сонысы керек қой. Енді дүние өртеніп кетсе де айтып тынармын»,— деп ойлады Наурыз қыпылықтай. М.Сүн. ~ Досым бір нәрсеге ынтасы ауса, дүние өртеніп кетсе де мойын бұрмайтын, әсіресе балық аулағанда сенің өмірде бар- жоғыңды тас ұмытар еді… О.Бөк.
