Мәңгілік ештеңе жоқ, бес күндік өмір ә дегенше өте шығады. ~ Күйзелмей қайтсін ғаріп ел, Күн болған соң осындай. Дүние өтер соққан жел, Көздің жасы болды сел. БС. “Үркін-Қорқын”. ~ Қара су есік алды ылайланды Бай болмақ, батыр болмақ құдайдан-ды… Қамзолдай келте пішкен дөңгеленіп Дүние өтерінде шыр айналды! Біржан С. ~ Неге бұл мұнша тебіренді? Осы күйді шығарған адам сол баяғы заманда-ақ кейін Едіге деген ұл туарын, оның басынан неше ықылым дүние өтерін, пешенесіне қандай қасірет, мехнат жазылатынын күн ілгері біліп қойған ғой. Ш.Айт.* «Дариға» дегенде басын жұлып алған Әкпар әншіге елегізіп қарады. Дүние өтер десем тіл алмайсың, Дариға-ай! Алтайы құмнан қашқан түлкідейін, Қалқатай, қолға түспей бұлаңдайсың… М.Қаб.
