Posted in

ДҮНИЕДЕН БАЗ КЕШТІ

Жанынан түңілді, өмірден үміт үзді. * Адам жанын осынша тебірентіп, дүниеден баз кешкендей қылған мынау өлеңнің не құпиясы барына түсінбей, Сейіттің жүзіне сиқыршыға қарағандай күдікпен сескене әрі қызыға қарады. Т.Әбд. ~ Япыр-ай, мұндай сұлуды кім көрген. Аты ұрғашы демесе қырықтан енді асқанда қалғып кетіп, сонаның артына түсіп дүниеден баз кешкен әйелінің бет әлпеті сұрықсыздау еді. Н.Дәу. ~ Бәкизат атып тұрды. Жанарын жапқан аппақ ақ қырау кірпігін алақанымен бір сипап жіберіп, жалма-жан дыбыс шыққан жаққа қарап еді; сүйтсе… мынау шынында да бұның өзі ойлағандай Жәдігер екен. Ә.Нұрп.