Қайтыс болды. ~ Жағынымпаз сорлылардың қан тамырлары тоқтай қалуы қиын болсын ба, надан патша сол сеніммен дүниеден өтіпті. Ғ.Мүс. ~ Бес-алты баласының қызығын бірге көріп, немере сүйіп, келін жұмсап, арқа-жарқа болып, жетпістен асып, дүниеден өтті ғой. Арманы жоқ Толыбайдың. Ү.Жәл. * Ғазиз анасы бұл қайғыға шыдамай төсек тартып жатып дүниеден көшті… Сол күннен бастап мұның тау тағысындай аңшылық өмірі — жалғыздық өмірі басталған. А.Алт.~ Сол-ақ екен, оның жан түкпіріне, өзінің көзден айрылуымен бірдей уақытта дүниеден көшкен Ханжігіттің ажалына да осы сынақтардың себепкерлігі болып жүрмесін дейтін бір кәдікті ой сайтандай сап етіп жабыса түсті. Ғ.Біл.
