Жалғанды жалпағынан басты, шексіз билікке қол жеткізді. ~ Мал екеш мал да тек күйлегенде шағылыспай ма? Егер, ал жәлеп болсам айуаннан да асып кетеді екенмін ғой. Бұл маған қол емес. Дүниенің тұтқасын ұстағандар мына кісінің сөзіне сенсем жезөкшелер екен ғой. К.Өтж. ~ Рақмет, інім. Өздерің барсыңдар ғой, әйтпесе дүниенің діңгегін ұстап тұрған Голощекиндер емес шығар! Б.Тоғ.. ~ Дариға-ай, дүниенің тұтқасы қолымда болса, бар жақсылықты осы қызға жасап, бар бақытты осының басына үйіп қояр едім мен. Ә.Нұрш. ~ Сөйтіп, менің қырық жылғы еңбегім, бар ғұмырым жоққа сайды. Дүниенің тұтқасы – біздің Жармақтың қолында екен. Менің ғұмыр жіптігім – жалғыз жаннан басқасы. М.Мағ. ~ Бар кілтипан, дүниенің тұтқасы, менің тағдырым университеттегі кейінгі жетекші – шолақ белсенді Қырмасақалға тіреліп тұр ма екен. Академияға бармаймын ба, Ақсақалдың Қарасақал шәкіртіне. М.Мағ.
