Оқыс шыққан ұнамсыз дауыс, дөрекі сөз туралы.
~ Қазір күндіз, түн дейтін уақыт па. Оның үстіне өзің күндіз үйде тұрмайсың ғой,— деп дүңк етті жуан дауыс. Т.Ахт. ~ Елтай жауырыны аспанға шығып отырып-отырып, түйеден түскендей дүңк етті. — Топан су қаптады ма?.. Немене? М.Қаб.
Гүрс етіп құлады. ~ Темір дулығалы бас күлдіреп-шылдырап жерге дүңк ете қалғанда, ерге байлап тастаған мұздай темір құрсанған ауыр дене сылқ құламай, ат
үстінде тікесінен-тік отырып, алға өңмендеп барады. Ақ тақырдың үсті ию-қию. Ә.Кек.
Төтенше тараған хабар туралы. ~ Екі күн өткен жоқ: «Ребәлітсе! Патшаны түсіріпті!» деген лақап дүңк ете түсті. Ж.Айм. ~ Қадыр Қашқардан келді деген лақап бар ауылға дүңк етті. Бұл ауылға жуырда келетінін де біліп қойды… Ж.Айм. ~ Енді Әлжан жай инженер болып қалғаннан кейін, онымен тұрғысы келмепті. Әрине, ондай сұлу әйел әлі де болса бір қалталы байды табады ғой» деген суық, хабар дүңк ете қалған. І.Ес.
