Posted in

ДҮРКІНІ БАРМАДЫ

Батылы жетпеді, жүрегі дуаламады. ~ “Зымиян қылықты мына құйын, таң атқанша қайда жүр дей ме?” – деген күдікпен Жолдыбай бурыл атты жеделдетіп ерттеді де, жездесінің үйіне кіруге дүркіні бармады. Т.Рыск. ~ Көзі жайнап тірі жүргенде, жұртқа тастап кетуге қайтып дәті шыдасын. Әй, дүркіні бармайды. Көпжасар сорлының ақыл- есін ащы су алып тынған шығар? Сосын алжасты да, енді жығылған үстіне жұдырықтай бермей, қайтадан адам болудың шарасын іздеу керек. Т.Рыск.