Posted in

ДҰЗАҚ (ТҰЗАҚ) ҚҰРДЫ

Біреудің алдына тосқауыл қойды, апан қазды. * «Болыс» деген сөзден Күнікей секем алып қалды: «Күйеуімнің тірі кезінде есігімді ашпайтын Саурық болыс, біздің үйге неге келді екен? Жүрісі тым суық, жетім-жесірге құрғалы жүрген қандай дұзағы бар екен?» Ә.Шәр.