Тәрбие-тағлым берді, түзу бағыт көрсетті. ~ Екінші – баланы өзі теңді балалармен бірге ойнату керек. Баланы ешбір уақыт сөзден тыймау керек. Былдырласын, шолжыңдасын – сөйлей берсін. Ал енді баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын, байытатын – мектеп. А.Байт. ~ Әдет – әсіресе, тәрбиешінің қолында күшті құрал. Әдеттендіру арқасында ғана баланы дұрыс жолға салуға мүмкін. М.Жұм. ~ Бақтығұл үндемеді. Ойына бір талай нәрсе келді. Қойып, тыйылып кеткен ісіне “қойғызады, жақсы жолға салады”, — деп, сенген кісісінің өзі жұмсайтын болды: ұға алмады. М.Әу.
