Posted in

ДЫЗ ЕТПЕ

Шақар мінезді; өрекпіп шыға келетін адам туралы.

Ал біз ше? Байсалдымыз, сабырлымыз, соның арқасында, сонау ашаршылықта жартымыздан көбіміз қырылып қалса да, шүкір міне, он миллионнан асып, шаршымызға толып отырмыз шалқып. Көршіміз қырғыз бен өзбек те тынышсыз, дыз етпе, шақар. Т.Сәу. * Мырзабек арақ ішсе – дыз етпе, тез қызады. Өзі шынашақтай болғанымен кеудесі зор. Әркімге бір соқтығып, пәле іздеп отырады. Т.Сәу. Шақар мінезді; өрекпіп шыға келетін адам туралы.

Жылдам, қысқа мерзімді, тез өтпелі. * Шетте жүргенмен генерал бұндағы хабарға қанық болатын. Ол білерде Колчактың көктемдегі дыз етпе шабуылының демі біткен. Ә.Нұрп. * Шам сонда барып ширықты, шабысын сәт санап үдете түсті. Алдағы қос сәйгүлік оны дыз етпе ұшқырлығымен ғана ұтқаны бірте-бірте белгілі бола бастады. А.Смай.