Posted in

ДЫРДАЙ ЖІГІТ (АЗАМАТ)

Бойлы, денелі, ер жігіт. * Он жыл оқығанда мектепте де бір мұғалімнен «Әй, Есілбеков! » деген ескерту алған бұл Есілбеков емес. Сол абыройын аяққа басқандай енді дырдай жігітпен ұстаспақ па?.. Д.Әш. * Дырдай жігіт болдыңдар. Мерт болған ағаларыңның орнын басатын сендер емессіңдер ме?! Т.Әбд. ~ “Халық жауының” қатыны деп теперіш көрсетпей Ждақай сияқты ел билеген дырдай азамат көрпесін қимылдатса тірі жесірге одан артық бақыттың керегі не? Бұ күнге де аз қалды. Содан кейін Ждақайдың етегіне жабысып, шылауына оратылар. Сыйынар пірі Ждақай болар әлі. Ә.Нұрп.