Posted in

ЕБЕЛЕК ҚАҚТЫ

Елпілдеп, әбігер болды; жаны қалмай қызмет етті. ~ Тау кеші, көк бұйра жалын төккенде, өлкеге жалаулатып от жаққанда, жігіттер қазан- қазан ешкі- қойдың етін асқанда, оларды жағалай қорқақ көлеңкелер ебелек қаққанда, сонда ғана ауыл кәдімгі таудағы ауыл сиқына келуші еді. Ж.Айм. ~ Уақыт тығыз болса да, генерал осы солдатпен әңгімелескісі келді; өзі де ебелек қаққан сөзшең, сыршыл болар деп топшылады. Т.Ахт. ~ Енді Түйте де ақыры ұмтылды. Сәлден соң ат бауырына тығылған төртеу араша тілеп, ебелек қақты. — Жан сауға! Ағатай, жан сауға! С.См. * Қазір, қазір, ой, менің әнші құсым бармақтай,— деп жұртқа тепсініп тұратын тентек кемпірім ебелек қағады. Т.Ахт. ~ Бiр қорап шайды бiр литрлiк шөңкеге қайнатып, қойылған қандай қызыл-күрең чифирдi ұрып алған соң, айналасында төрт диюы ебелек қаққан Пахан тiптен құтырып кеттi. Т.Сәу.