Posted in

ЕГІЗ ҚОЗЫДАЙ

Жұбы жазылмай бірге жүріп, қатар өсті д.м. * Егіз қозыдай ойнақтап өскен екі дос дәл бұл сәтте қас жауларға айналғандай көздеріне қан құйылып, аянбай тіресіп жүр. С.Смат. * Ежелгі екі достың егіз қозыдай қатар түзеп, елден ерек жараса қалағанына, жұрт мәз боп қалып еді. С.Омар.

Өзіне салғанда осы үйге аяқ басатын ойы жоқ еді. Анасы қоймады. “Екеуің бір жылы туып едіңдер” деді. “Бірге өсіп едіңдер” деді. “Жас кездеріңде егіз қозыдай жұптарың жазылмайтын еді. Ә.Нұрп. * Тек «мен Борядан ұзынмын, мен мұнда тұрам», деп араларына басқа бала кіріп кетсе, оған көнбейді. Екеуі егіз қозыдай, жұбы жазылмайды. Т.Ахт.