Шама-шарқына қарай бөлісу д.м. * Диханның бір жомарт қасиеті егін бастырып жатқанда қырманға кімде-кім келіп, қолғабыс берсе, қабына бидай, күріш салып береді екен. Өзі бұл сыбағаны «кеусен» деп атапты. «Егінші еселеп, кеусенші кеселеп» деген сөз содан қалыпты. Оны бергеннен диханның ырысы кеміп қалмапты. Дәулеті де, әулеті де көбейе беріпті. “Дегдар”.
