Ауыр сөздер айтып, тілдеді. ~ «Егер барың рас болса, жібермейсің неге ажалыңды, алмайсың неге жанымды, бүйтіп қинап қойғанша, өшірмейсің неге үнімді!» — деп Құдайды да едәуір жерге апарып тастады. С.Елу. * Пружинасы ырсиған қайдағы бір трәктірдің жұлым- жұлым көпшігін кендірмен шандып қара терге түседі де: ─ Қазына жасаған мүлік қайбір оңған еді, – деп совет өкіметін біраз жерге апарып тастайды. Қ.Ысқ. * Жарайды. Сен әлгінде Балтаны біраз жерге апарып тастадың- ау. Өйтпесек қазақ боламыз ба. С.См. * «Күйшіге әкімгершіліктің керегі жоқ!» деген. «Сенің жарытпай жүргенің де осы пейілің!» деген. «Әлі келмеген әлек, мансап түбі қорлық» деген. Қойшы әйтеуір, Сүгірді талай жерге апарып тастады. Т.Әл.
