Posted in

ЕЗБЕ СӨЗ (ҚЫЛЖАҚ)

Мыжыма, бос сөз. ~ Бұл иттен өстіп тезірек құтылмаса болмайды» деген айлады ма, Қосымхан сәлден кейін мас адамның ығыр қылатын езбе сөзімен оспақтап Әбішкенді сүзгілей бастады … Т.Сәук. ~ …қосшы би болып, шошқа етін ұрлаған мұжықты соттап, қорғаушылар мен прокурорлардың қай-қайдағы езбе қысыр сөздерді мен өзімнің Алешка-ақымақ дейтін шалымнан председатель отырып: «Айыпкер мырза, шошқа етін қымқырған фәктіңізді мойындайсыз ба?» деп сұрайтын сұрауын,— «Ләббәй?» дейтін жауапты алты сағат аңыра тыңдап отырар жайым жоқ менің. Л.Тол. ~ Бондаренко үндеген жоқ. Ол соғысқа кіргелі, әсіресе соңғы кезде Добрушкиннің өзгеріп кеткенін байқап жүретін. Бұрынғыдай қалжыңқой, езбе қылжақ емес, кейде шатынап кетеді, кейде тылсым тұйық болып қалады. Көзқарасында да жат бір нәрсе пайда болған. Т.Ахт.