Жүзінде күлкі нышаны пайда болды. ~ Езуіне күлкі үйірілгенмен бір күн бұрын араққа жығылған адамдай басы сынып әкетіп барады. Қ.Түм. ~ Мәті ауыл арасының үйреншікті әңгімесін тыңдап отырғандай анда-санда самарқау бас изеп қояды. Пәтшайымның да езуіне бір үнсіз күлкі үйіріліпті. Ә.Кек. ~ Аздап қауіп ойлады. Жатсынып, кейін шегініп бара жатып – езуіне күлкі үйірілді. Д.Аман. ~ Патшайым бір ырғалып қойды. Қорасан талаған бұжыр бетіне лып етіп қан көтерілді. Езуіне күлкі жүгірді. Ә.Кек. ~ Бірақ, көп ұзамай көзіне қайтадан жылт ойнады. Езуіне күлкі жүгіріп, өзінен өзі жымиып қояды. Ә.Кек. ~ Сол ағасының бөріден безген бұқпа төбеттей қашып келе жатқанын қайдан білсін. Жоламанның ашуы тез тарқады. Езуіне күлкі жиылып, ағасына қуана қарады. С.См.
