Сөзге олақ, ойын жеткізе алмай, шатып-бұтады. * Сонша төгілген мал, өлген, зорыққан ат, еркектігінен айрылған, мертіккен, жарым-жан болған адам! Не үшін, кім үшін? Екі ауыз сөздің басын қосып айта алмайтын мыңқылдаған шотпақ қара күйеу мен көзі біттиген, былшиған сары қыздың шашыратқысы үшін. Ж.Айм. * Ел бұзылды. Екі ауыз сөздің басын қоса алмайтындар елге билік айтып, қатынға тілін алдыра алмайтындар елдің қожасы болып отыр. Т.Әбд. *… әншейінде де ауылда екі ауыз сөздің басын қоса алмай, былдырықтап кететін быдық сорлы, мына арада тіпті түк айта алмай “мен деген… маңдайы құрыған… құрыған деген…”,– деп өз маңдайын өзі ұрып масқара болмаса қайтсін. Ә.Нұрш.
