Posted in

ЕКІ БҮКТЕЛДІ

Иіліп, бүрісіп, қол-аяғын жинап алды. ~ Атын есіктің дәл көзіне қаңтарып қоя салады. Есектен жуас мал қойған жерден тыпыр етпейді. Аласа тар есіктен Бәзіл қорбиған үлкен денесімен екі бүктеліп, әрең сыйып кіреді. Б.Соқ. ~ Дарбазаға дабырлап біреулер келді. Есіктен екі бүктеліп Асыл кірді. Оған ілесе Қырмызы мен қарияның келіні көрінді. Базардан көңілді қайтқан түрлері бар, қаңғыр-қаңғыр етіседі. Н.Сер. ~ Шоң мұрын, қысық көз, сақал-мұрты бурыл, ұзын бойлы, бірақ бүкіш кісі. Таяғын ұдайы арқасына салып тіреуіш етіп, екі бүктеліп жүреді. Ш.Мұр.