Көп сөйлемеу, сыр жасыра білу туралы. * Сенің шаруаң — тер төгу, түртініп теңге табу! Маған ақыл үйретпе! Екі елі езуге бес елі қақпақ дегенді білемісің? Ұнамайды екен, боқшаңды жина да тай! Бізге боталы түйеңді өткізіп қойған жоқсың! Қ.Ысқ. * Батырды көргені де бар, көрмегендері көргендерден сұрайтын да шығар, бірақ көргендерінде де, көрмегендерінде де үн жоқ. Екі елі езуге бес елі қақпақ! Қ.Ысқ. * О ата-бабадан садаға кеткір деп тұрдым ішімнен, айтуға ауыз бар, айтқызуға дәрмен жоқ, сөйлесуге тіл бар, сөйлетуге діл жоқ. Діл мен дақ тілді байлап, екі елі аузыңа төрт елі қақпақ қой деп тұр. Б.Қыд. * Өйткені інім ол бір шақта әлі екі елі ауызға төрт елі қақпақ қою, сен сияқты тумай жатып аузын бағатын адамның аз кезі. Б.Қыд.
