Posted in

ЕКІ ЕТЕК БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ)

Есі кетіп, далбақтады, елпек қақты. ~ Сүйтіп қаралай жаны қара тырнағаның ұшында жүргенде октябрьдің дәл жиырма екісі кешкі сағат алтының шамаларында хан ордадан екі етек боп жүгіріп келе жатқан біреуді көрді. Төбе құйқасы шымырлап қоя берді. Ә.Кек. ~ Үшеуі аттарынан түсе–түсе сап, соқаларын тастай–тастай тырналар қонып жатқан қырқаға қарай жүгіре жөнелді. Екі етек боп зымырап келеді бәрі. Ш.Айт. ~ Ал, енді көнбеймін де, көрмеймін де дейтіндер болса, оларға соңдарынан екі етек боп жүгіріп, жалынып-жалпайып жүрер жәйім жоқ, – деді. Ә.Кек.