Қатты қорықты, зәресі ұшты. ~ Көздеп атып, жазым қып, пәлесіне қалып жүр¬мейін, әрине. Басынан асыра гүмп еткізсем де екі көзі алақандай болмай ма? Б.Соқ. ~ Едіге жатыр… ыңырсып. Зәресі ұшып кетті Түгелбектің. Екі көзі алақандай болды. С.Елу. ~ Екі көзі алақандай боп алып-ұшып жетсе, жымсия күліп, шай сораптап отырады. Т.Сәук. ~ Ерасыл оқыс есін жиып, шоқ басқандай ыршып түсті. –Қой, тоқта, мұның не?–деп екі көзі атыздай болып кейін шегіне берді Ерасыл. С.Дос. ~ Коля– Кержік машинаның құлағында ойнайды екен. Анау жерден бір шаң боратып, мына тұстан бір сумаң етіп жүйткітіп бергенде Балтаның көзі атыздай боп кетті. С.См.
