Posted in

ЕКІ КӨЗІ ОТТАЙ ЖАЙНАДЫ (ОТ ШАШТЫ, ОТТАНДЫ)

Қызу сезім кеудесін кернеді, елеуреп, рухтанды. * Басында орамал, білегін сыбанып алған. Қолында жалаң қылыш, шабатын қасқырдай екі көзі оттай жайнайды. І.Ес. * … Нысанбай жыршының екі көзі оттай жайнап, күре тамыры білеудей боп, кең тамағы торғай жұтқан қурай жыланның көмейіндей ісініп кетті. І.Ес. ~ Ал, Ақтамберді, адамыңды шығар да, байлауыңды орында. Арамдық жасама. Көзін өзің таң! Саған сенем! – деп Түйте ағасының білегінен ұстап ап, екі көзі от шашып тұрған ұлының қасына барып, маңдайынан үш қайтара сүйді. С.См. ~ Асқар екі көзі от шашып Тобықовқа қадала қалды. І.Ес. ~ Бүгін мұртты қара азамат буырқанып алыпты. Екі көзі оттанып, мелжемді денесін тым шапшаң қимылдатып, жатар алдында төңірегіндегілерге: ـــ Бүгін әрекеттенейік! ـــ деді. Б.Жұм. ~ Ендігі кезең топтасып отырған әйелдермен балаларға келгендей ашына зарланғандарын, өздеріне алая қарағандарын да, оқыс қимыл байқатқандарын қиша сыпырып, мынау бүгінгі д екі көзі оттанып алақ–жұлақ етіп тұрған әлгі жеңістігіне тіпті айқұлақтанып, есіре тиседі. Б.Жұм.