Зәресі ұша қорықты. ~ Бұны естігенде Тевкелевтің екі көзі төбесіне шықты. Мың күн сынбас шөлмектің бір күн сынар сын сағаты жақындап қалғаны ғой. Ә.Кек. ~ Екі көзі төбесіне шығып, төбе шашы тік тұрып, апалақтап кіріп келгенде, үй ішіндегілер үрпиісіп, зәресі ұшып кетті. Т.Сәу. ~ Ойбай, не деп тұрсың, доғар! – деді шал екі көзі төбесіне шығып. – Басу айтудың орнына ушықтырғаның не? Т.Сәу. ~ Анада айт күні абайсызда еңгезердей сары кісі үстіне кіріп келгенде көзі тас төбесіне шыққан. Ә.Кек. ~ Тишко мұның не? — деп айқайлайды Манька, — жаймен айдасаңшы. Әйтпесе мына қара қазақтың көзі тас төбесінен шығатын түрі бар. Б.Мом. ~ Он мың доллар, – деген. – Бүгінгіден үлесің. Өнештің көзі тас төбесіне шықты. Н.Дәу. ~ Билеп жүргендердің бірі байқамай қағып кеткен шығар деп, жалт қараған Ләзәт қабағы түксиіп, түртіп қалсаң, бетінен түтін бұрқ ете қалардай тырсиып тұрған Еркінді көріп, көзі тас төбесіне шықты. Б.Нұрж. ~ Әуелде қуық босататын шығар деп еді, төрттағандап талтиып тұрған борбайынан сығалап науа жолға көлденең түсіп сұлап жатқан көкжалды көргенде көзі тас төбесінен шықты. Қ.Ысқ.
