Көруге асықты; жолына қараудан көзі талды; сағынды; күтуден шаршады. * Жанын аузына тістеп жүріп алған, өзінің жолында жанын құрбан қылуға шыдаған сүйген жары Мария тұңғыш босанғалы жатқанда қасында да бола алмай, арқардан басқа аң да шықпайтын Серектастың басында «ауылдан не хабар келер екен» — деп екі көзі төрт болып, ессіз далада жапа- жалғыз жүрегі дүрсілдеп отыр. Шәк. * Баспа жүзіне сөзім қашан шығар екен деп, екі көзім төрт болып, газет, журнал көрсем, қулық құлындаған биеше, үстіне түсіп кете жаздаймын. Ж.Айм. * «Қазбек тантымасын, бесіктен атастырған келін
бар. Құдай қосқан қосағы екі көзі төрт болып күтіп отыр. М.Қаб. ~ Сөйтіп жүріп, «нысанаға іліктім», Бірі болдым отау құрған жігіттің. «Батырыңның» екі көзі төрт болды, He боларын жүрер дейсің біліп кім. А.Нәр.
