Posted in

ЕКІ КӨЗІ ШОҚТАЙ ЖАЙНАДЫ (ЖАНДЫ)

Өрекпіді, қызбаланды, әлдебір ерекше сезім тұла бойын кернеді. * «Қазір, бәлем, хикаяның көкесі басталып кететін шытар»,– деп, екі көзім шоктай жайнап мен отырмын. Көз, құлақ, желке, жон арқаны кім көрген, бірақ иегі ілгері кетіп, ортаға таман итініп отырғаныма қарағанда, екі көзім шоқтай жайнауға тиіс. М.Қаб. ~ Қарсы алдына, ордың жиегіне бір аттыдан соң бір атты шауып кеп, қатар түзеп қарап тұр: Бәрінің де көзі шоқтай жайнайды. Бәрінің де көзі ордың ішінде. Тістері ақсиып, бір-біріне әлдене деп тіл қатады. Ә.Кек. * Әйтеуір ойланғанда одан сайын қан-сөлінен айырылып қоя
беретін қара сұр жүзі қабарытып, екі шықшыты ойнап шыға келеді. Екі көзі шоқтай жанады. Ә.Кек.