Іші пысты, ерікті, не істерін білмеді, жалықты. ~ Жол болса ұзақ. Осындай алыс сапар үстінде екі қолыңның алдына сыймай қалатын әдеті емес пе. С.Шай. * Бірақ қашанғы төрт қабырғаны күзетіп отыра бермек? Қарап отырып адамның екі қолы алдына сыймайды екен. Т.Сәу. * Онысы оңды болды. Бірақ Едіге ә дегеннен-ақ екі қолы алдына сыймай, бұл құлазыған теңіздің жағасында жұмыссыз қалай отырамын деп мазасыздана бастады. Онысы да жөн еді. Ш.Айт. * Жазушы дегенге әрең сеніп тұрмын… Жүріңіздер үйге! Екі қолымыз алдымызға сыймай ерігіп отыр ек,— деп, халатының жол-жолы қараңғыда ақ жіптей суырылып алға түсті. М.Қаб.
