Түк бітірмей; босқа сандалып. * Көк тиынсыз, екі қолын мұрнына тығып келгені несі құдай-ау! Басқасы-басқа, бір пәшке шай ала келсе қайтеді. Ш.Айт. * Жүніс қожаның жуан содырлары артынан іздеп барып, қырғын төбелес жасап, одан түк шығара алмай, ақыры қолдарын мұрындарына тығып бос қайтқаны бар. О.Сәрс. * … іздеп барса, ол аяқастынан шұғыл сапарға шығып кетіпті. Не істеу керек? Басқа журналист болса, екі қолын мұрнына тығып, қайтып келер ме еді… Б.Омар. * Көпті көрген қасқа бас ақ халаттылардың өзі әрі-бері түртінектеп, түртінектеп, екі саусақтарын мұрнына тығып, иықтарын қушитты. Е.Абдул.
