Posted in

ЕКІ ҚОШҚАРДЫҢ БАСЫ БІР ҚАЗАНҒА СЫЙМАЙДЫ

Ер адам қашанда еркін жүргенді қалайды; билігін ешкіммен бөліспейді д.м.. ~ Батухан мен Құлағу бірігіп, Үгедей мен Жағатайдың ұрпақтарына қарсы шықты. Бірақ өздерінің арасы немен бітті? Екі қошқардың басы бір қазанға сыя ма? І.Ес. ~ Сол кездегі сахарадағы екі қошқардың басының бір қазанға сия қоюы шынында да екі талай еді. Ж.Шәк. ~ Тапалтақ сары жігіт — Мақа Мұқаев. Соңғы екеуі мен кірісімен қарғып тұрды да, Мақа шала амандасып, есікке көбелеп барып, ата жөнелді. Шамасы төрдегі екі қошқардың басы бір қазанға сыймай жатса керек. Б.Қыд.