Істімек ісіне күмәнді күйде болды. ~ Хат жіберуге екі оқты болған соң, мен демеп жібердім, өйткені ойында оңаша сөйлескенімде: «Атаққа шыққан жігіт қой, хат жазып көрсін, онша теріске кетпес» деп Зәйкүлдің айтқаны бар-ды. Б.Майл. ~ Не қыларын білмей, басқа үйге бұрылсам ба деп екі оқты боп тұрғанда, әрегіректегі үйден бір қолымен шалбарының бауын ұстай шыққан бір қаршадай кісі, мұны көре сала бос қолымен күннен көзін көлеңкелей шүйіле қалды. Х.Ес. ~ Нағима дауысын болар-болмас шығарып: — Қара бала, — деді. Зарып екі оқтылау боп тоқтады. Нағима жақындай түсіп: — Кімді іздеп жүрсің? — деді. Б.Май.
