Екі мәрте қорлады, азапқа салды. ~ Ғалия, сен мені бір емес, екі өлтірдің. Екеуі де өле.өлгенше есімнен кетпес; сірә. Біреуі — үйге бір қайыршы бала кіріп кетті деп, қорлап айтқан сөзің. Б.Соқ. ~ О, Жасаған, осы күнді көргенше күмрә неге болмадым… Осы күнді көрсетіп қинау ма еді мақсатың? Бір емес, екі өлтіргің келген екен ғой… Өлтірмей-ақ өртегенің ғой Дозақ отына… Ажалыңды да аяғаның ғой. С.Ел. ~ Төкемнің мөлшері дұрыс. Бозорыс екі өліп отыр. Бірі сойылға жығылып мертікті. Екінші ретінде, Бәйділда жылқыны таптырып алам деп, дүре соқтырған. Мен Бәйділдаға екі ердің құны төленетінін айтқанмын… З.Шүк.
