Күмәнді, сенім жоқ, дүдамал. * Егер кетпенді ең әуелі Дәуіт соқса, Дәуітті әрине, басқа Пайғамбарлардан гөрі адамға пайдалы деуге болар еді, бірақ әуелгі кетпенді Дәуіт соғып, соқпағаны екі талай. А.Байт. * Бар сенгеніміз қоңыр сиыр еді, ол бейшара қыста туа алмай өліп қалды. Апамды да жазғыра алмаймын, қызыл сиырсыз оның қызына сиюы да екі талай ғой. Д.Әш. * … Жем-Сағыз өзендерін бойлап қоныс тебетін елдің шілденің аптабында бұның мүрдесін өзі қалаған осы төрткүл төбеге жеткізе алары екі талай. А.Өтег. ~ Мұндай түнде үй арасында ауыл адамы болмаса бөтен кісінің жүруі екі талай. Н.Сер. ~ Жақсыларға еп едім, Жамандарға көп едім Ерегіскен дұшпанның, Екі талай болғанда, Азыққа етін жеп едім! Махамбет.
