Posted in

ЕКІ ТІЗГІН, БІР ШЫЛБЫР

Билік тізгінін толықтай қолына алып, емін-еркін басқару мүмкіндігі хақында. ~… мақал айтып, тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Абай. ~ Мерген Мерген болып ат жалын тартып мінгелі өз отының басында екі тізгін, бір шылбырын ешкімге ұстатып көрген кісі емес. Ж.Айм. ~ Екі тізгін, бір шылбырды қолға бергенсіп, арқадан қаға мәз етіп отырып, кілемнің астынан су жіберетін ішмерез аярлық талай қимас боздақтың басын мұжыды. Ж.Ахм.