Дүдәмал, екі ойлы. * Жігіт «не құрыдым, не бақытты болам» деген екі ұшты тәуекелмен қыздың ерініне қарай жақындады. Қарсылық білінбеді. Т.Әбд. * Тәжи бағанадан бергі екі ұшты сөзінің бір сабағын тапқандай болып сөзге кірісті. І.Жанс. * Бар болғыр-ау, – деді Шыңғыс Абаға кейіп, – екіұшты сөзіңді қойып, турасын неге айтпайсың? С. Мұқ. * Ойланайын, мына қарбаласта ұрынып көргеніңе уақыт табылар ма екен? Ауылға бара көрелік, – деп екі ұшты жауап қайырды. Ғ.Біләл.
