Posted in

ЕКІ ШОҚЫП, БІР ҚАРАДЫ

Шамадан тыс сақтық жасады. * Сен екеш, сен де сауысқандай сақтығыңды ұмыта жаздадың. Екі шоқып, бір қара, Досан!»– деп, ойша өзімді қамшылап алдым … М.Қаб. ~ Сырт киімге келгенде өте кінәмшіл, талғампаз. Нағыз «екі шоқып, бір қарайтынның» өзі. Әр тігістен соң ерінбей киіп қарап, айнаның алдында көлбеңдеуден жалықпайды. Ү.Жәл. * Тым зыртұяқ болып кетіпсің, бауырым, екі шоқып бір қараудың орнына бір шоқып екі қарап жүріп қалай жан бағасың? Ғ.Біл. * Марфа, жалпы, жақсы адам, дегенмен, шашы ұзын, ақылы қысқа әйел затынан. Сондықтан оның сөзін екі шоқып, бір қарап тыңдаған жөн. М.Қаб.