Posted in

ЕКІНІҢ БІРІ

А) Елден ерек туған емес, қарапайым адам деген мағынада. * Сөз жоқ, ондай біреу табыла кетер еді? Әрине, мұндай жұмыс екінің бірі, егіздің сыңары, жалпылама адамның қолынан келмес, бірақ мендей біреу табылуы хақ… Ж.Айм. * Сен біліп қой: очерк деген газеттің романы. Очеркті екінің бірі емес, журналистің төресі ғана жаза алады. Білдің бе, аһ? Ал артынан әңгімеге ауысамын. Ә.Нұрш.
Ә) Бәрі, кез-келген адам д.м. * Сенің үлкейгенде қандай адам болатыныңда ешкімнің шаруасы жоқ. Екінің бірі саған ақыл айтып, үстемдік жүргізбекші болады. Ақ, қараңды айырып, жаныңның түкпірінде не бар, не жоғына үңілмейді. Б.Соқп. * Олардың заңы жаман болады екен, екі қолымды қарынан кесіп тастады. Ол жақта қолы кесілгеннің ұры екенін екінің бірі біледі. Б.Қыд.
Ь) Не олай, не былай. * Қарсы алдына тура келіп қалған. Дыбысын шығармайды. Ұрының түрін көргенге есі шығып қалған ба? Болмаса, бұны жылқышы дей ме? Екінің бірі. М.Әу. * Артықбайдың сөздерін ол «күш көрсету» деп ойлады да, елшіге қысқа ғана жауап берді: – Екінің бірі: не айтқанымды орындасын, әйтпесе жылқысын кейін айдап қайтсын. С.Мұқ.