Posted in

ЕКІНІҢ БІРІ, ЕГІЗДІҢ СЫҢАРЫ

Кез-келген жан; көптің бірі. * Сөз жоқ, ондай біреу табыла кетер еді? Әрине, мұндай жұмыс екінің бірі, егіздің сыңары, жалпылама адамның қолынан келмес, бірақ мендей біреу табылуы хақ… Ж.Айм. * Құпия – қалта өлеңдерімнің тәуір – тәуір дегендерін көшіріп, хатпен үйге жіберем. Олар да оқысын. Екінің бірі, егіздің сыңары емес екенімді, біліп, ақындық талантым барын біле берсін ел-жұртым. Б.Соқп. * Абыр-сабыр етіп жатқан адамдар берекелі үйдің балаларындай ортақ тілде сөйлейді, кейіп-кескін жағынан алсаң да, екінің бірі, егіздің сыңарындай ұқсас. М.Қаб.