Бастапқы қарқыны азайып, іс-қимылы бәсең тартты, ашуы қайта бастады. ~ Жана үнем саясаты елді көңілдендіріп, әскери коммунизм екпіні басылған бір жәйдәрі сәтте, ерікті жәрдемнен ел бой тартпады. С.Бег. ~ Бұл уақытта екпіні басылып, даусы болмашы қарығайын деген Нұрша бәлденбей, басқа бір әнге басты. Т.Әл. ~ Ол аюдай ақырған кезде кешегі аумалы-төкпелі заманға кездесті. Арғыдағы екпіні біраз бәсеңдеп совдепке билік тигенде сүтке тиген күшіктей мүсәпір момақан бола қалып, сұрқия әдіске кешті. С.Бег. ~ Асқар шынында да өзгерген еді. Екпіні бәсеңсіп, екі иінi салбырап, шаршаған күйге түскен. Ә.Әл. ~ Жоқ, сөйтсем, көкем сол асаудың құйрығынан ұстаған күйі аяғы жерге тимей бүйірлей тартқылап барады екен. Мұнысы сілтеген тұяқты дарытпаудың амалы екенін кейін білдім. Бөксесі бұраңдаған қашағанның екпіні бәсеңдеп, осқырына ойқастап барады. Б.Мом. ~ Ертіс баяғы сол Ертіс, заманның қарыспа дауылынан шаршағандай өркеші шөгіп, екпіні баяулап қалыпты. Қ.Ысқ.
