Аптығы басылды. * «Жауабы несі? Не деп көкиді-әй мынауың?» Тас төбесінен түскен зілдей мұз тұла бойын түгел жайлап сырғып барып бақайшағының ұшынан бір-ақ шыға қойғаны. Лезде пыш болып екпіні әп-сәтте қайта қойды. М.Қаназ. ~ Қанша парықсыз болса да, өлік шыққан үйден именді ме, Сәндібала да екпіні қайтып, абыржып қалды. Әсіресе Ұлтуғанның қып-қызыл бұлаудай боп ісінген көзін көргенде мүлдем абыржыды. С.Мұр. ~ Сол-ақ екен, манағы іргеден түйгіштеген адуын есерсоқ екпіні азайып, зу-зу жүйткіген жылантөс құйын қисық мұржаны дүрс-дүрс сабалап тұрып алды да, апыр-топыр айқасып, аттандасып болған соң құлдилап қуысқа құйылды. С.См.
