Posted in

ЕКПІНІ ҚАТТЫ (ҚУАТТЫ)

Бойындағы күш-қайраты пәрменді; сұсы мықты, қарқыны күшті. . ~ “Мынау — сол ғой! Сол сүмелектің өзі ғой! Қостанайдан келгенде… бірінші рет… екпіні қатты еді… Қызылордадан оралғанда… екінші рет… сағы сәл-пәл сынғанын аңғарғам… Талдықорғанда… бұл жолы… кеудесі әбден тапталғаны байқалады… Әәә, бәлем!” Ә.Тар. ~ Осынау жанға жайлы табиғат саясында жүріп тым құрыса айына бір рет тау ішінде бой жазу қандай рақат! Бірақ жүрісі жылдам екпіні қатты мына заманда оған уақыт табу қайда?! Б.Тоғ. ~ Біз тыңдаушымыз. Аракідік жан– жағымызға қарап қоямыз. Жасанды көлдің жағасындағы тақтыда көк шай ішіп отырған тәжік бауырлар бізге әлсін– әлі көңіл аударады. Себебі, Құтбидың сөзі қызу, екпіні қуатты. С.Шай.