Сұсты, шешімтал, қарқыны адам шошырлық. ~ Міне, Ертіс. Суы қара барқынданып,
жауырынын күжірейтіп, көк ала сең арқалап, езуінен көбігі бұрқырап, екпіні үй жыққандай
долы Ертіс.Ж.Айм. ~ Солдаттардың ер-тоқымын үйіп тастап, мал қолға тиісімен жыттық.
Міне, Жүкесі, бұның аты жанкештілік. Мырзаның асына тойып, атына мінгенде
әрқайсыңның екпінің үй жыққандай. Ал мырзаның басына іс түскенде сол екпіндер қайда жүр? Ғ.Мұст.
~ Күн шығардың алдында шапқылап жоғары жақтан тағы да он шақты
атты келді. Дода ауылына сіңбе Бектесбай екен. Ішінде Қали деген інісі бар. Бәрі де мылтық
асынған, бәрі сұсты көрінеді. Екпіндері үй жыққандай, Совет өкіметін құлатпасқа немене
дейтін сияқты. Б.Қыд. * Әуел баста екпіні үй жыққандай қарқындап басталып, жүре келе
бәсеңдеп, дөңгелегі шиқылдап… күндер өте… жылдар жете… бір сайда белағашы кетіп
аударылып қалады. Д.Досж. ~ Дауысы бүкіл тауды жаңғыртып, екпіні үй жығардай
шапшып, маңдайға біткен аз ғана қырын біраз сынап, алдында тұрғанның бәрін қалпақтай
ұшырамын деп шүйлігіп келіп өзінен зорға соғылғанда аяғы талай аспаннан келмеді дейсің
бе?! С.Ел.
