Posted in

ЕЛ (КІСІ) АЯҒЫ БАСЫЛДЫ (САЯБЫРЛАДЫ, СИРЕДІ)

Ымырт түсті, қараңғы қоюланды; жұрттың әрі-бері жүрісі азайды. * Қаратайдың аулына барып түстеніп, кеш батқанша сонда болды да, сол күні ымырт жабылып, ел аяғы басылған соң ғана Жәнібекке қайтты. М.Әу. ~ Шамалауынша, түн орталанып қалған, ел аяғы басылып, көше иесіз тұнжырайды. А.См.~ Ақыр- аяғы көппен бірге қопаңдап қайтеміз, ел аяғы басылған соң, екеуара барып құтты болсын айтпақ едікке салып құтылды. К.Хамз. ~ Теңіз беттен катты жел көтеріліп, қора іші шаңытып борап кеткен екен. Көшедегі кісі аяғы басылған. Ә.Нұрп. * … баяғыда Аппаққызды қойып келген күні абыр-сабыр басылып, ел аяғы саябырлағаннан кейін түн ортасы ауа осы соқпақпен сайды өрлей жүре берген, жүре берген. Қ.Найм. * Алғашқы екі- үш күн құттықтаушылардың, көңіл білдірушілердің ырду- дырдуымен білінбеп еді. Кейін ел аяғы сиреп, осылайша үйде жалғыз отырып қалатын мезгіл жеткенде, жанын қоярға жер таппай құлазып кетті. Қ.Жұм.