Жұртқа белгілі, ел ішінде беделі бар жергілікті адам. ~ Жамағайыны Əлібек молданың қолына барып еді. Əлібек – «ел адамы». Додайдың қарын суалғанын неғысын, есі– дерті Ұмсындықты сатып, тайынша, торпақ пайда қылуда болды. Молдаға жалынып айтты, жылап айтты. Ж.Айм. ~ Жоқ жолдас суретшім, сабыр, сабыр ет. Сен ел адамысың. Кім біледі, осы ресторанда отырғандардың ішінен де өзіңді танитындар табылып қалар. С.Шай. ~ Бағданыңның атақ-даңқы өз алдына. Ол қазір халыққа танылып қалған ел адамы. С.Шай. ~ …қыздың сөз тапқыш, есті, көрікті сипатына құлай ынтызар болған Тәттімбет бірден құдалық сөйлесуді ретсіз көріп, Түлкібайдың ағайындарынан жөн білер адамды іздестіріп, белгілі ел адамы’ Қойшыбайды табады. С.Бег. ~ Смайылдың айтуынша, сол ауыл — сүйіндік, қаржас Жантемір қажының ауылы. Қажының Имантақу деген баласы бар. «Ел адамы». Смайылдың нұсқауынша мен сонда барамын. С.Сей.
